«Емшекпен қоректендіру. Лактация механизмі. Ана сүтінің жеткіліксіздігі» тақырыбында дәріс

Дүниежүзілік емшек сүтімен қоректендіру апталығы аясында емханамызда «Емшекпен қоректендіру. Лактация механизмі. Ана сүтінің жеткіліксіздігі» тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс педиатрия бөлімшесінің меңгерушісінің жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында емшекпен қоректендірудің физиологиялық негіздері, лактацияның қалыптасу және сақталу механизмдері, ана сүтінің жеткіліксіздігінің негізгі себептері, сондай-ақ оның алдын алу және түзету жолдары кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, сәтті емізуді ұйымдастыру қағидалары, ана мен баланың денсаулығын сақтаудағы емшек сүтінің маңызы және қиындықтар туындаған жағдайда медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің қажеттілігі туралы практикалық ұсынымдар берілді.

Емшек сүті – сәбидің денсаулығының, дұрыс өсуі мен үйлесімді дамуының сенімді негізі.