«Сенім» Жастар денсаулық орталығында Отбасы күніне орай педиатрдың қатысуымен «Баланың дамуы: не қалыпты, ал қашан көмек қажет?» тақырыбында ашық әңгіме өткізілді.
Кездесу барысында қатысушылар баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес даму кезеңдері, сөйлеу, ұйқы, мінез-құлық және эмоционалдық даму ерекшеліктері, сондай-ақ маманның көмегіне уақтылы жүгінуді қажет ететін белгілер туралы ақпарат алды.




