10 қыркүйек күні «Сенім» Жастар денсаулық орталығында Отбасы күніне орай «Салауатты ұрпақ: бірге өсеміз» атты Ашық есік күні өтеді.
Іс-шара жастар мен жас отбасыларға арналған. Қатысушылар педиатр, терапевт, акушер-гинеколог және уролог дәрігерлерінен жеке кеңес алып, денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек ала алады.
Уақыты: 09:00–12:00
Мекенжайы: Сембинов көшесі, 4/1
«Сенім» Жастар денсаулық орталығы



