«Салауатты қарым-қатынас: нені білу керек және оны қалай құруға болады?»

Отбасы күніне арналған іс-шаралар аясында, “Сенім” Жастар денсаулық орталығында, Жоғары медициналық колледж студенттеріне «Салауатты қарым-қатынас: нені білу керек және оны қалай құруға болады?» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренинг барысында қатысушылар қарым-қатынасқа байланысты түрлі жағдайларды талқылап, «жасыл» және «қызыл жалаулар» арқылы дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажыратуды үйренді. Студенттер ұсынылған жағдайларды талқылауға белсенді қатысып, дұрыс шешімдерді таңдады.