12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай емханамызда мерекелік кездесу ұйымдастырылды. Бұл күні денсаулық сақтау саласының маңызды мамандары – мейіргерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
«AMANAT» партиясының «Байқоңыр» аудандық филиалының депутаттары ұжымымызды кәсіби мерекемен құттықтап, мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ олар күнделікті қажырлы еңбегімен халық саулығына үлес қосып жүрген мамандарға алғыс білдірді.
Мерекелік басқосу барысында партия қатарына жаңадан қосылған бірқатар қызметкерлерге «AMANAT» партиясының партиялық билеттері салтанатты түрде табысталды.





