Артериялық гипертензияның алдын алу және дене белсенділігі бойынша ашық есік күні өтті

Байқоңыр аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығында емхана қызметкерлерінің қатысуымен артериялық гипертензияның алдын алу және дене қимылы белсенділігін арттыру тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.

Шара барысында артериялық гипертензияның пайда болу себептері, оның алдын алудың маңызы және салауатты өмір салтын ұстанудың тиімді жолдары түсіндірілді. Қатысушыларға қан қысымын қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі және зиянды әдеттерден бас тартудың маңызы туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, қатысушылар арасында сергіту жаттығулары өткізіліп, дене белсенділігін арттыруға бағытталған қарапайым жаттығулар көрсетілді. Іс-шара аясында экспресс-әдіс арқылы қандағы холестерин деңгейі анықталып, нәтижелері бойынша кеңестер берілді.