12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күніне орай емханамызда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп жүрген мейіргерлердің еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсету.

Мерекелік іс-шара барысында емхана басшылығы мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адам денсаулығын сақтаудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті. Күнделікті қызметте жауапкершілік пен жанашырлық танытып жүрген ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірілді.

Іс-шара аясында өз ісіне адалдығымен, жоғары кәсіби біліктілігімен және ұзақ жылғы еңбегімен ерекшеленген бірқатар мейіргерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Мейіргер – медицина саласының ажырамас бөлігі. Олар пациенттерге сапалы күтім көрсетіп қана қоймай, әрдайым қолдау мен мейірім сыйлайтын маман иелері.

Барша мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріне табыс тілейміз!