Архив за месяц: October 2021

Қазақстан телеарнасында «Теледәрігер» бағдарламасында Қант диабеті тақырыбы бойынша №8 қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Шайхина Алтын Тілегенқызы қатысты.

2021 жылдың 17 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының «№8 қалалық емханасы «Астаналық» базарының аумағында «Тоқта, ТУБЕРКУЛЕЗ»акциясы өткізілді.

Бұл акцияның мақсаты базарға келушілерді ақпараттандыру және флюро тексеру болды. Акция аясында флюкар машинасы ұсынылды.

Сонымен қатар, алдын алу бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұлттық бағдарламаның негізгі міндеті «ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА!»халықты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар ету, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті тәрбиелеу; мінез-құлықтың, СӨС жүргізудің дұрыс дағдыларын қалыптастыру , профилактикалық тексерулерден міндетті түрде өту қажеттілігі туралы хабардар ету болып табылады.

Туберкулезбен күрес «ТОҚТА ТУБЕРКУЛЕЗ!» акциясы 2021 жылдың 13 қазанынан 13 қарашасына дейін өткізіледі

#тоқтатуберкулез! #акция«Тоқтатуберкулез!»

(Русский) Врач общей практики поликлиники №8 г. Нур-Султан Шолпан Дайрабаева рассказала о преимуществах вакцинации и пояснила, кому нельзя получать прививку по состоянию здоровья, сообщает официальный сайт столичного акимата.

НЕОНАТАЛЬДЫ СКРИНИНГ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАР НЕ БІЛУІ ҚАЖЕТ?

Неонаталдық патологиялық жағдай-жаңа туған нәрестелердің асфиксиясы, босану жарақаты, сепсис, басқа да инфекциялық аурулар және мерзімінен бұрын босанудың асқынулары әлемде өлімнің негізгі себептері ретінде бесінші орында тұр. Сондықтан нәрестелер туылғаннан кейін бірден неонатальды скринингтен өтеді – тұқым қуалайтын ауруларды одан әрі диагностикалау және емдеу үшін және баланың мүгедектігінің алдын-алу мақсатында тексеру.

☝🏽 Айта кететін болсақ, жыл сайын Қазақстанда 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Олардың барлығына азаматтардың жеңілдікті санаты ретінде МӘМС жүйесінде автоматты түрде « сақтандырылған » мәртебесі беріледі. Осыған сәйкес, барлық тексерулер әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүргізіледі.

Неонатальды скрининг туралы нені білуіңіз қажет?

✅ Неонаталдық скринингтің мемлекеттік бағдарламасы 2007 жылы енгізілген болатын және ол екі негізгі ауруды анықтауға бағытталған: Фенилкетонурия немесе амин қышқылдары метаболизмінің бұзылуымен байланысты тұқым қуалайтын ауру, негізінен фенилаланин және қалқанша безінің функциясының толық немесе ішінара бұзылуынан туындаған туа біткен гипотиреоз.

Аталған ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу кезінде дәрігерлер баланың дамуы үшін қолайлы болжамдар жасайды.

✅ Скрининг барлық нәрестелердің өмірінің 2-3-ші тәулігінде (өмірінің 25-72 сағатында), ал шала туған сәбилердің өмірінің 7-14- тәулігінде жүргізіледі.

✅ Зерттеу перзентханада жүргізіледі, онда арнайы дайындықтан өткен медбике нәрестенің өкшесінен құрғақ қан дақтарын алады.

✅ Жаңа туған нәрестенің өкшесінен қан алу таңертең қатаң түрде аш қарынға жасалады және тамақтану арасындағы интервал 2,5-3 сағатты құрауы керек. Бұл өлшенетін маркерлердің концентрациясының дәл болуы үшін маңызды.

✅ Егер сәбиге перзентханада скрининг жүргізілмесе, онда ол жаңа туған нәрестені әкелген стационарда немесе тұрғылықты жері бойынша емханада алғашқы патронаждық қарап-тексеру кезінде жүргізіледі.

Халықаралық қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі

Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бастап 1 қазанда атап өтіледі. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында Халықаралық қарттар күні деп жарияланды. Болашақта БҰҰ-ның орыс тіліндегі құжаттарында Халықаралық қарттар күні деген атау қабылданды.

Бүгін 2021 жылғы 2 қазанда №8 қалалық емханада Халықаралық қарттар күні мен мүгедектер күнін өткізу аясында мүгедектер мен қарт Пациенттерге арналған Ашық есік күні өткізілді. Акция осы санаттағы пациенттерді кешенді медициналық диагностикалық тексеруге бағытталды.