Емхана қызметкерлерінің психологиялық денсаулығы мен эмоционалдық әл-ауқатын қолдау мақсатында психологтар медицина қызметкерлерінің кәсіби эмоционалдық қажуының алдын алуға, күйзеліс деңгейін төмендетуге және күйзеліске төзімділігін арттыруға бағытталған тренингтер ұйымдастырып, өткізуде.
Іс-шаралар барысында өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, эмоцияларды басқаруға және позитивті ойлауды қалыптастыруға ықпал ететін түрлі психологиялық жаттығулар мен практикалық әдіс-тәсілдер қолданылады.
Қызметкерлердің қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге, өзара іс-қимылды жақсартуға, жанжалды жағдайлардың алдын алуға және ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Өткізілетін тренингтер қызметкерлерге кәсіби қызмет барысында туындайтын эмоционалдық жүктемелерді тиімді еңсеруге, өзара түсіністікті арттыруға және ұжымдық бірлікті нығайтуға көмектеседі.
Аталған жұмыс медицина қызметкерлерінің психологиялық әл-ауқатын сақтауға, еңбек қызметіне қанағаттану деңгейін арттыруға, сондай-ақ қолайлы әрі өзара қолдауға негізделген жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби және эмоционалдық тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, пациенттермен және әріптестермен тиімді әрі сапалы қарым-қатынас орнатуға да оң ықпал етеді.




