Туберкулез – дер кезінде анықталып, дұрыс ем жүргізілген жағдайда толық жазылуға болатын ауру.
Заманауи диагностикалық әдістер ауруды уақытылы анықтауға және қоздырғыштың дәрілік препараттарға сезімталдығын белгілеуге мүмкіндік береді. Ал дұрыс таңдалған ем толық сауығуға қол жеткізуге көмектеседі.
Емнің тиімді болуы үшін:
дәрі-дәрмектерді дәрігердің тағайындауы бойынша қатаң қабылдау;
дәрі қабылдауды өткізіп алмау;
денсаулық жағдайы жақсарғанның өзінде емді өз бетінше тоқтатпау;
қажетті тексерулерден жүйелі түрде өтіп тұру;
медицина мамандарының ұсынымдарын сақтау маңызды.
Ауруды ерте анықтау – толық сауығуға бастайтын маңызды қадам.
Дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаңыз және денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз!






