Құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік – басты назарда

Емханада Полиция департаменті, прокуратура органдары және Еңбек комитеті өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.

Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша өзекті мәселелер қарастырылды:

«Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл»;
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер».

Іс-шара қатысушыларына есірткі қылмысының алдын алу, заңнама талаптарын сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берілді.