Әрбір азамат үшін қолжетімді медициналық көмек

2026 жылғы 28 тамызда емханамызда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, медициналық және әлеуметтік мәселелер бойынша қажетті қолдау көрсету.

Ашық есік күні аясында азаматтарға:
медициналық қызметтерді алу тәртібі бойынша кеңес берілді;
ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер туралы ақпарат берілді;
құқықтық және психологиялық кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды;
азаматтардың өзекті мәселелері тыңдалып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Басты мақсатымыз – әр азаматтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етіп, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолдау көрсету.