ИНСУЛЬТТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ
Жыл сайын әлемде инсульт пен инфарктан 12 миллионға жуық адам қаза табады.
Инсульт — нерв жасушаларының зақымдалуына және өлуіне әкеп соғатын мидағы қан айналымының жедел бұзылуы.
Сіз өмір салтыңызбен байланысты инсульттің дамуының қауіпті факторларын бақылай аласыз:
— темекі шегу және темекіні тұтынудың басқа түрлері
— ішімдікті шамадан тыс тұтыну
— дұрыс тамақтанбау
— дене белсенділігінің төмендігі
Өмір салтын дұрыс ұстанбау денсаулыққа қауіпті
— қан қысымының жоғарылауы(гипертензия);
— қан құрамындағы қанттың мөлшерінің артуы(диабет);
— қан құрамындағы холестериннің мөлшерінің артуы(гиперлипидемия);
— дененің артық салмағы.
Инсульттің алғашқы белгілері
— тілдің күрмелуі, беттің қисаюы
— бір жақ қол немесе аяқтың әлсіреуі
— аяқ-қолдың немесе бір жақ беттің жансыздануы
Дереу «103» жедел медициналық көмек бригадасын шақырыңыз!
Инсульттің алдын-алу үшін мына белгілерді бақылаңыз
— артериялық қан қысымын
— дене салмағын
— қан құрамындағы қант мөлшерін
— қан құрамындағы холестериннің деңгейін.
Өмір салтын өзгерт!
— Темекі шекпеңіз, темекі түтінімен дем алудан аулақ болыңыз
— Белсенді дене белсенділігімен күніне 30 минут айналысыңыз
— Күніне бес рет жеміс пен көкөністерді тұтыныңыз
— Тамақ үлесінде тұздың, майдың және қанттың мөлшерін шектеңіз