Рецептке тапсырыс беру


Егер сіз №8 қалалық емханада тіркеуде болсаңыз және диспансерлік есепте тұрсаңыз, үнемі учаскелік дәрігер қадағалауында болсаңыз, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес дәрігердің немесе мейірбикенің қабылдауын күтпей-ақ біздің сайттағы онлайн тәртіптемесінде  «Рецептке тапсырыс» қызметін қолдана аласыз.

Сіз берген ақпаратты растай отырып, рецепт 24 сағат ішінде беріледі.

Жеткізу мәселесі бойынша учаскелік мейірбике сізбен хабарласады.

Науқасқа рецепт Гиппократ желісіндегі дәріханалардан беріледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.