5 маусым күні емханамыздың психөологтары «Мінез-құлық қауіп факторлары» денсаулық мектебінде «Зиянды әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері» атты дәріс өткізді. Шара барысында темекі шегудің зиянына ерекше назар аударылды.
Темекі – бүкіл әлем бойынша өлім-жітімге алып келетін ең қауіпті әдеттердің бірі. Дәріс барысында мамандар темекі түтінінің құрамындағы 7 мыңнан астам химиялық заттардың 70-тен астамы қатерлі ісік тудыратын канцерогендер екенін атап өтті. Темекі шегу өкпе, жүрек, тамыр, асқазан, бауыр ауруларының пайда болуына себепші болады.
Дәріс интерактивті түрде өтіп, қатысушылар темекіге тәуелділіктен арылудың жолдары туралы кеңес алды. Сонымен қатар, темекіні тастаудың тиімді әдістері, никотин алмастырғыш терапиялар және психологиялық қолдаудың маңыздылығы сөз болды.
«Зиянды әдеттердің адам денсаулығына әсері» тақырыбында дәріс өтті
Жарияланған күні: 05.06.2025
