Емханамыздың «Сенім» жастар денсаулық орталығында ЖИТС-қа қарсы күрес күніне орай студенттерге арналған ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат тарату, алдын алу мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіздік дағдыларын нығайту. Күн барысында орталық психологы қатысушыларға арнайы тренинг өткізіп, өзін-өзі тану, жауапты мінез-құлық және қауіп-қатерден қорғану дағдылары бойынша пайдалы мәліметтермен бөлісті. Жастар ашық сұрақтар қойып, пікір алмасып, психологиялық қолдау алудың маңыздылығын түсінді. Студенттер АИТВ-ны ерте анықтауға мүмкіндік беретін анонимді экспресс-тест тапсырды. Бұл мүмкіндік олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және АИТВ туралы жалған қорқыныштардан арылуына ықпал етті. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері АИТВ инфекциясы, оның жұғу жолдар мен алдын алу ережелері туралы мазмұнды баяндама жасады.




