Жастарға арналған дәріс: стресс, дұрыс тамақтану және инсульттің алдын алу

2025 жылдың 5 қарашасы күні «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары мен салауатты өмір салтын насихаттау дәрігері Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, «Стресс», «Дұрыс тамақтану» және «Инсульттің алдын алу» тақырыптарында танымдық дәріс өткізді.

Кездесу барысында мамандар жасөспірімдерге стресс жағдайын басқару жолдары, эмоциялық тепе-теңдікті сақтау тәсілдері және салауатты өмір салтының маңызы туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа әсері мен инсульттің негізгі қауіп факторлары түсіндірілді.

Оқушылар мамандармен белсенді түрде сұхбаттасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.