Жаңа қызметкерлерге арналған адаптациялық тренинг өтті

Емханамызда жақында жұмысқа қабылданған қызметкерлерге арналған арнайы адаптациялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жаңа ұжым мүшелерін жұмыс барысымен, ішкі ережелермен және қауіпсіздік талаптарымен таныстыру, сондай-ақ олардың кәсіби әрі психологиялық тұрғыдан тез бейімделуіне қолдау көрсету.

Тренинг барысында HR бөлімінің басшысы сөз сөйлеп, емхананың құрылымы мен кадр саясаты туралы жан-жақты ақпарат берді. Шаруашылық бөлімінің басшысы қауіпсіздік кодтары мен жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сондай-ақ, емханамыздың білікті психолог мамандары қызметкерлердің бейімделу кезеңі жайында айтып, қатысушыларға арналған арнайы сауалнама жүргізді. Ойын элементтері арқылы ұйымдастырылған психологиялық жаттығулар тренингке ерекше көңіл-күй сыйлап, ұжымдық рухты нығайта түсті.