Жүкті әйелдерге туберкулездің алдын алу туралы маңызды ақпарат берілді

Емханада жүкті әйелдер үшін туберкулездің алдын алу мәселесі бойынша арнайы әңгімелесу ұйымдастырылды. Бұл шараға фтизиатр және салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері қатысты. Олар жүкті әйелдерге туберкулездің алдын алу жолдары, аурудың белгілері мен қауіп-қатерлері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Әңгімелесу барысында дәрігерлер туберкулездің таралу себептері мен оның жүкті әйелдер мен сәбилерге тигізетін ықпалы жайлы айтып, аурудан қорғанудың тиімді әдістерін түсіндірді. Сонымен қатар, мамандар сәбилерде туберкулездің алдын алу шараларын талқылап, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау үшін қандай сақтық шараларын қолдану керектігін атап өтті.