Сембинов көшесі- 4/1мекен-жайы бойынша орналасқан
№ 8 қалалық емханада 2020 жылдың 3 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі.
Иммундау № 8 емханада күн сайын жұмыс күндері тегін жүргізіледі:
сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін № 133, 134 кабинеттерде
(егу кабинеті) балалар корпусы.
Емханаға тіркелген пациенттер тегін негізде вакцинацияны ала алады :
— созылмалы аурулары бар балалар мен ересектер
— жүкті әйелдер
— мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар.