Туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында №8 қалалық емхананың Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерлері №119 мектептің оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мамандар оқушыларға туберкулез ауруының таралу жолдары, негізгі белгілері, алдын алу шаралары және ауруды ерте анықтаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Дәрігерлер туберкулездің алдын алуда жеке гигиенаны сақтау, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және профилактикалық медициналық тексерулерден уақтылы өтудің маңызы зор екенін атап өтті.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық әрі нақты жауап алды.




