Туберкулезге қарсы айлық аясында тұрғындарға тегін флюорографиялық тексеру жүргізілді

Туберкулездің алдын алу айлығы аясында «Central Market», «Big Шанхай» және «Орда базар» сауда орталықтарында тұрғындарды тегін флюорографиялық тексеруден өткізу мақсатында Флюкар рентгендік флюорографиялық жылжымалы сандық КРФ-112 кешені қойылды. Сонымен қатар, емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары мен еріктілер азаматтарға аурудың алдын алу, ерте анықтау және оның қауіптілігі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.