Туберкулезді анықтау және диагностикасы

2025 жылы 3 наурыз күні емхана ұжымына арналған «Туберкулезді анықтау және диагностикасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – туберкулездің алдын алу, ерте кезеңде анықтау және заманауи диагностика әдістері жайында емхана қызметкерлеріне маңызды ақпарат беру.

Семинарды тәжірибелі фтизиатр дәрігер Мардаков Азамат Асылбекович жүргізді. Ол өз сөзінде туберкулездің алдын алу және емдеу жолдары туралы жан-жақты баяндап, осы инфекциялық аурудың қоғамға әсері мен оның таралуын бақылаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, туберкулездің бастапқы белгілерін анықтаудың тиімді әдістері, науқастарды тексеру процесінде қолданылатын заманауи технологиялар туралы да айтып өтті.