Туберкулез деген не? Туберкулезден қалай қорғануға болады?

Астана қаласы әкімдігінің «№8 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-да оқушыларға «Туберкулез деген не? Туберкулезден қалай сақтануға болады?» деген тақырыпта ақпараттық лекция өтті. Оқушыларға туберкулездің белгілері, таралу жолдары түсіндіріліп, сақтану шаралары айтылды. Аурудың профилактикасы ретінде жеке бас гигиенасын сақтау, қолды дұрыс жуу, дене белсенділігі, дұрыс тамақтану мен дұрыс тыныс алу шаралары баса назарға алынды.