Мектепке дейінгі және мектеп бөлімшесінің қызметкерлеріне емханамыздың психологтарының ұйымдастыруымен «Тиімді қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізілді. Қатысушылар тиімді коммуникация негіздерімен, қарым-қатынас барысында туындайтын кедергілермен танысты. Сонымен қатар, белсенді тыңдау техникасы мен өз ойын нақты және анық жеткізу дағдыларына ерекше көңіл бөлінді. Тренинг барысында интерактивті жаттығулар мен шағын пікірталастар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
«Тиімді қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өтті
Жарияланған күні: 18.06.2025
