«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында емханамызда апта сайын сенбілік ұйымдастырылып келеді.
Бұл шараның мақсаты — мекеме аумағында тазалық сақтау, жұмыс орнын көркейту және ұжымда тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Сенбілік барысында емхана маңындағы қоқыс жиналып, жасыл аймақтар ретке келтіріледі. Медициналық қызметкерлер бұл бастамаға белсене қатысып, тазалықты сақтауға өз үлестерін қосуда.