2024 жылдың 13 желтоқсанында біздің емханамызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін мәңгілікке сақтап қалуға бағытталған халқымыздың ерлігін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға емхана қызметкерлері қатысты. Тәуелсіздіктің маңызы мен елдің даму жолындағы жетістіктері туралы әсерлі бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, ұлттың рухын көтеретін музыкалық нөмірлер ұсынылды.