Шылым шегу мен алкоголизмнің алдын алу: мектептерде сынып сағаттары өтті

Емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында бірқатар білім беру мекемелерінде тәрбиелік сынып сағаттарын өткізді.

Атап айтқанда, Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде, №5 гимназияда және Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Темекі шегу және алкоголизмнің алдын алу» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды.

Сынып сағаттары барысында мамандар темекі мен алкогольдің жас ағзаға әсері, тәуелділіктің пайда болу жолдары, зиянды әдеттердің салдары туралы кеңінен ақпарат берді. Оқушылар интерактивті форматта өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.