«Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары мектеп оқушыларына репродуктивті денсаулық тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Орталықтың координаторы мен психологы оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын, дұрыс өмір салтын ұстанудың жолдарын және репродуктивті денсаулықты сақтау шараларын түсіндіріп, арнайы дәріс өткізді.
Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай ақпарат беріліп, жастар арасында кең таралған қауіптер мен оларға қарсы күрес шаралары туралы айтылды. Сонымен қатар, дәріс барысында мамандар оқушылардың алаңдатқан сұрақтарына жауап берді.
«Сенім» жастар денсаулық орталығының мақсаты – жастар арасында репродуктивті денсаулықты қорғау мен сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Бұл бастама жастардың денсаулығына оң әсер етіп, олардың дұрыс ақпарат алуына мүмкіндік береді.