«Салауатты өмір салтының маңызы» тақырыбында тренинг өтті

№8 мектеп лицейінде 1-сынып оқушыларына арналған «Салауатты өмір салтының маңызы» атты тренинг өтті. Бұл іс-шара емханамыздың Салауатты өмір салты дәрігері Ж. Нұрахметова және балалар психологы А. Жұлдызханның ұйымдастыруымен өткізілді. Тренинг барысында мамандар оқушыларға салауатты өмір салтының маңызы, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділіктің пайдасы туралы ақпарат беріп, қызықты танымдық бейнероликтер көрсетті.

Тренингтің соңында оқушылар тақырыпты жақсы түсініп, қызықты ойындар арқылы оны пысықтап, көңілді әрі белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар, ата-аналар да тренингке қатысып, балалардың білім алу процесін бақылап, бірге пайдалы уақыт өткізді.