1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай емханамызда «Салауатты әлем – менің көзіммен» атты балаларға арналған бормен сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және оларға қуаныш сыйлау.
Байқауға әртүрлі жастағы балалар белсене қатысып, өз қиялындағы салауатты әлемді түрлі-түсті борлармен асфальт бетіне бейнеледі. Күн, гүлдер, отбасы, дәрігерлер мен табиғат бейнеленген суреттердің әрқайсысы өзіндік мағынаға толы болды. Сонымен қатар, балалар «Қол гигиенасы» тақырыбында флешмоб билеп, іс-шараны жандандыра түсті.
Қазылар алқасы балалардың шығармашылығы мен еңбегін жоғары бағалап, үздік деп танылған қатысушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.