Салауатты болашақ үшін бүгіннен қамдан!

8-мектеп лицейінде жасөспірімдерге арналған мазмұнды әрі пайдалы семинар ұйымдастырылды. Шараны емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары мен «Сенім» жастар денсаулық орталығының білікті мамандары бірлесе өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – оқушыларға өз денсаулығына саналы көзқараспен қарауды үйрету, күнделікті өмірде кездесетін күйзелістермен күресу жолдарын көрсету және салауатты өмір салтына бағыт беру.

Кездесу барысында төрт өзекті тақырып кеңінен қамтылды:

  • Стресс және онымен күресу жолдары

  • Репродуктивті денсаулық

  • Сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері

  • Бояудың бет терісіне әсері

Мамандар әрбір тақырып бойынша ашық әңгіме жүргізіп, нақты мысалдар арқылы жасөспірімдерге түсінікті тілде ақпарат берді.