Психикалық денсаулық — бақытты өмірдің маңызды құрамдас бөлігі!

2024 жылғы 10 қазан күні Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай емханамыздың психологтары З. Исина мен К. Бозжигитова Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектеп пен №5 гимназиясының жоғары сынып оқушыларына «Суицидтің алдын алу» тақырыбында лекция өткізді.

Шараның мақсаты — жастарды суицидтік көңіл-күй белгілері мен қиын жағдайларда психологиялық көмек көрсету әдістері туралы хабардар ету. Әр жасөспірім өзіне және айналасындағы адамдарға көмектесе білуі, сондай-ақ қиын кезеңдерде көмек алу үшін қайда жүгінуге болатынын білуі керек.

Біз осындай шаралардың жастар арасында психикалық денсаулықты сақтау мен қолдау көрсетудің маңызды екендігін түсінуге көмектесетініне сенімдіміз.