Оқушылармен интерактивті сабақ өтті

Репродуктивті денсаулық апталығы аясында СӨС дәрігері Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында оқушылармен интерактивті сабақ өткізді.

Дәріс барысында:
Репродуктивті денсаулық ұғымының мәні;
Жасөспірім кезеңдегі физиологиялық өзгерістер;
Салауатты өмір салтының маңызы кеңінен түсіндірілді.

Оқушылар тек тыңдаушы емес, белсенді қатысушы болды — ситуациялық тапсырмалар орындап, постерлер арқылы өз көзқарастарын шығармашылықпен жеткізді.