Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орайластырылған, «Уақыт өтіп бара жатыр. Туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» ұранымен 2021 жылдың ақпан айының 23-нен наурыз айының 23-і аралығында туберкулездің алдын алу бойынша айлық өткізіледі.
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні (World Tuberculosis Day) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шешімі бойынша жыл сайын 24 наурызда — 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох (Robert Koch) өзі жасаған туберкулез қоздырғышының ашылғаны туралы жариялаған күні атап өтіледі. 1905 жылы ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.
Бұл күн 1982 жылы ДДҰ және туберкулез бен өкпе ауруларына қарсы халықаралық одақтың (International Union Against Tuberculosis and Lung Disease — IUATLD) шешімі бойынша құрылды.
Біз «Уақыт өтіп бара жатыр. Туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» ұранымен туберкулезбен күреске арналған айлықтың басталғаны туралы жариялаймыз.
Мақсаты мен міндеті «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру, денсаулығына жауапты болуға тәрбиелеу,өзін-өзі сақтайтын тәлімділікке дағдыландыру, міндетті түрде профилактикалық тексерудің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.