Медициналық қызметкерлерге арналған гинекологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша семинар

№8 қалалық емханада медициналық қызметкерлерге арналған «Жатыр мойны және дене обыры, аналық бездер және басқа гинекологиялық локализациялардың ерте диагностикасы мен профилактикасы» тақырыбында семинар өтті. Аталған іс-шара халықаралық гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабардар ету айлығына орай ұйымдастырылды.
Семинарды Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көпсалалы медициналық орталық» МКК-ның онкогинеколог дәрігері Б.С. Алибекова Б.С. жүргізді. Семинар барысында дәрігер гинекологиялық қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалау мен скринингтің негізгі аспектілері туралы толық түсіндіріп, жатыр мойны обырының алдын алу үшін АПВ (адам папиллома вирусына) қарсы вакциналаудың маңыздылығы жайлы сөз қозғады.
Семинардың мақсаты — медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, гинекологиялық қатерлі ісік ауруларының алдын алу және диагностикалаудың заманауи әдістері бойынша білімдерін жетілдіру, сондай-ақ вакциналау мен скрининг мәселелерін өзектендіру арқылы ауруларды уақытында анықтаудың маңыздылығын түсіндіру.