МӘМС жүйесіндегі 2026 жылғы өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

Емханамызда Медициналық сақтандыру қоры Астана қаласы бойынша филиалының мамандары медицина қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі 2026 жылға енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндірілді.

Шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерін МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстыру, заңнамалық өзгерістердің мәнін түсіндіру және оларды күнделікті тәжірибеде дұрыс қолдану жолдарын нақтылау.