Ұлт саулығына қамқорлық жасау — ұжым алдындағы басты міндет

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова №8 қалалық емханада ресми жұмыс сапарымен болды. Сапардың басты бағыты медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету жүйесін жаңғырту және цифрландыру мәселелеріне арналды.

Министр денсаулық сақтаудың алғашқы буынының негізін қалыптастыратын емхананың құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен танысты. Атап айтқанда, Отбасы денсаулығы орталығы, әйелдер консультациясы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруына ерекше назар аударылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік жаңғырту бағдарламасы аясында халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін талқылау болды.

Ұлт саулығына қамқорлық жасау — ұжым алдындағы басты міндет. Оны орындау жолында барлық мүмкіндіктер жұмылдырылып, барынша күш жұмсалады.