Балаларды қорғау күніне арналған апталық шеңберінде емханамыздың психологтары «Эмоцияларды қалай басқаруға болады?» тақырыбында тренинг өткізді.
Балалармен өткен тренингте эмоциялардың түрлері мен олардың біздің көңіл-күйімізге қалай әсер ететіні жайлы түсінік берілді. Психологтар балаларға эмоцияларын дұрыс қабылдау және басқара білу дағдыларын дамытуға көмектесті. Сонымен қатар, түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы балалар өз сезімдерін білдірудің жаңа тәсілдерін үйренді.