Емханамыздың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» халықаралық акциясы аясында «Сенім» жастар денсаулық орталығында «Гендерлік зорлық-зомбылықтың себептері: мәдени, әлеуметтік және психологиялық аспектілер» тақырыбында мазмұнды лекция оқыды.
Лекция барысында қатысушылар гендерлік теңсіздік мәселелерін тереңірек түсініп, зорлық-зомбылықтың түпкі себептерін талқылады. Қоғамдағы мәдени дәстүрлерден бастап, әлеуметтік нормалар мен жеке тұлғалық факторларға дейінгі аспектілер қарастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – жастар арасында саналы көзқарас қалыптастыру.
Гендерлік теңдік – тек құқық қана емес, ол әрқайсымыздың қауіпсіз болашағымызға деген жауапкершілік!