Емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерлері мектеп оқушыларына маңызды дәріс өткізді

Емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерлері №23 және №34 жалпы білім беретін орта мектептерінде оқушыларға арналған ақпараттық–ағартушылық кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге тұмау тәрізді вирустық инфекциялар мен АИТВ инфекциясының алдын алу жөнінде дұрыс әрі сенімді ақпарат беру, сондай-ақ антибиотиктерді дұрыс қолданудың маңыздылығы түсіндіру.
Кездесу барысында дәрігерлер:
•тұмаудың қалай таралатыны, оның негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы;
•маусымдық инфекциялардан қорғанудың тиімді тәсілдері жайлы;
•АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу әдістері, стигма мен мифтерді жоюдың маңыздылығы туралы толық түсінік берді.
•антибиотиктерді дұрыс қолдану, олардың артық немесе қате қолданылуының қауіптілігі және антибиотикке төзімділіктің алдын алу жолдары туралы толық түсінік берді.
Оқушылар дәрігерлерге қызықты сұрақтар қойып, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы кеңестер алды.