Қазан айы бүкіл әлемде сүт безі обырының алдын алу айы ретінде аталып өтеді. Осыған орай емханамызда «Қызғылт қазан» айлығы аясында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – әйелдер арасында сүт безі обыры туралы ақпаратты арттыру, ерте диагностиканың маңыздылығын түсіндіру және аурудың алдын алуға ықпал ету.
Ашық есік күніне келген әйелдерге маммолог дәрігердің тегін кеңесі, сондай-ақ көрсетілім бойынша ультрадыбыстық зерттеу (УЗДГ) және маммография қызметтері көрсетілді.
Дәрігерлер сүт безі обырының алғашқы белгілері, өзін-өзі тексеру тәсілдері және уақытылы тексерілудің маңызы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.





