2025 жылғы 24 қазан күні №8 қалалық емхана ұжымы Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Бұл маңызды мереке – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін дәріптейтін, әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын күн.
Іс-шара барысында емхана басшысы барша әріптестерді мерекемен құттықтап, егемен еліміздің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген қызметкерлерге алғыс айтты. Ол өз сөзінде Республика күні – тек мемлекеттік мереке емес, сонымен қатар бірлік пен еңбектің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символы екенін атап өтті.
Мерекелік жиында ұжым мүшелері еліміздің тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы бейнеролик тамашалап, патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ, қызметкерлер арасында көңілді викториналар мен шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, барша қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде болды.
Республика күні – баршамызды ортақ мақсатқа біріктіретін, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты арттыратын мереке.




