Емханамызда Халықаралық мейіргерлер күні аталып өтті

12 мамыр – әлем бойынша мейірімділік пен жан жылуының символына айналған ақ халатты абзал жандар – мейіргерлердің кәсіби мерекесі. Осы атаулы күнге орай емханамызда Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты құттықтау іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында емханамыздың басшылығы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген мейіргерлерге алғыс білдіріп, олардың кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Мейіргерлер – денсаулық сақтау жүйесінің негізгі тіректерінің бірі. Олар науқастарға алғашқы көмек көрсетіп, күнделікті күтім жасап қана қоймай, қолдау мен қамқорлық танытатын ерекше мамандық иелері.

Салтанатты жиында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, әріптестерінің және пациенттердің зор құрметіне ие болған мейіргерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күй мен жылы лебізге толы болды. Қатысушылар арасында шығармашылық нөмірлер ұсынылып, әріптестер бір-біріне жүрекжарды тілектерін білдірді.