Емханада тәлімгерлік жүйесін енгізу – жас мамандарға кәсіби дағдылар мен тәжірибе жинақтаудың маңызды кезеңі!

Емханамызда жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе жинақтау мақсатында тәлімгерлік жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің басты мақсаты – жас дәрігерлердің өз ісіне деген талапшылдығын қалыптастырып, нәтижеге деген ынта-жігерін арттыру, сондай-ақ, медициналық этика мен деонтологияның негіздерін терең меңгеру.

Тәлімгерлік жүйе жас мамандардың медициналық қызмет көрсету сапасын арттырып, кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жүйе жастарды өз біліктілігін ұдайы жетілдіріп, қызметке деген мәдениетті көзқарас пен адамгершілік жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелейді.