Емханамызда ұжым қызметкерлеріне арналған жаңа конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша ақпараттық кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндіру.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Жаңа Конституция жобасы азаматтардың денсаулығын қорғау құқығын нақты бекітеді.
Тегін медициналық көмектің көлемі заңмен айқындалады, ал ақылы медициналық қызметтер қолданыстағы заңнама негізінде көрсетіледі. Мемлекет тегін медициналық көмекті заңда белгіленген көлемде ұсынады, ал бұл тәртіп арнайы кодекспен реттеледі. Сонымен қатар, азаматтардың медициналық қызметтерге тең қол жеткізу қағидаты бекітіледі.
Конституциялық өзгерістер әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге бағытталған. Әлеуметтік қолдау шаралары Конституцияда бекітіліп, әрбір азамат табысына қарамастан мемлекет тарапынан қолдауға ие болатыны айқындалады.
Аталған кездесу қызметкерлердің реформалардың мазмұнын тереңірек түсінуіне және өз кәсіби қызметінде заңнамалық талаптарды дұрыс қолдануына ықпал етті.




