Емхана қызметкерлері тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы вакцина қабылдауда белсенділік танытуда

Емханамыздың медицина қызметкерлері маусымдық тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алу мақсатында вакцинация науқанына белсенді түрде қатысуда. Бұл — тек өз денсаулығына емес, науқастар мен әріптестерінің қауіпсіздігіне де жауапкершілікпен қараудың белгісі.

Тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе маусымдық аурулардың алдын алып, асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі. Әсіресе тәуекел тобындағы азаматтар үшін (балалар, қарттар, созылмалы ауруы барлар) вакцина алу — маңызды қорғаныс құралы.

Вакцинация емханаларда тегін жүргізіледі.

Құрметті тұрғындар! Тұмау мен ЖРВИ-ден сақтанудың тиімді жолы — екпе алу. Уақытыңызды өткізбей, өз денсаулығыңызды қорғаңыз!