Емхана қызметкеріне Президент Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаты табысталды

№8 қалалық емхананың “Көлік медицинасы” бөлімшесінің қызметкері Ерлан Айдарханұлы Машран ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Ерлан Айдарханұлы біздің емханада бес жылға жуық уақыт қызмет етіп келеді.

Ел Президенті атынан Алғыс хатта Ерлан Айдарханұлына ШЫҰ саммитін дайындауға және оны Астана қаласында жоғары деңгейде өткізуге белсені атсалысқаны үшін алғыс жарияланған.

Құттықтаймыз!