№5 гимназияда оқушыларға арналған пайдалы әрі танымдық семинар өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мамандардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру, күйзелісті басқару жолдарын үйрету және түрлі аурулардың алдын алу туралы түсінік беру.
Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды:
-
Стресті басқару және оны жеңу жолдары
-
Репродуктивтік денсаулық
-
Туберкулездің алдын алу және оның ерте белгілері
Әр тақырып бойынша мамандар ашық диалог жүргізіп, өмірден алынған мысалдар арқылы ақпаратты оқушыларға түсінікті тілде жеткізді.