«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Астана қалалық филиалының бастамасымен халық көп шоғырланған орындарда «Денсаулық аралдары» атты маңызды әлеуметтік-денсаулық акциясы ұйымдастырылды. Бұл бастама тұрғындарға сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруды және аурулардың алдын алу шараларын насихаттауды мақсат етеді.
Іс-шара барысында түрлі бағыттағы дәрігерлер азаматтарға тегін кеңес берді. Емханамыздың тәжірибелі невропатолог дәрігері Жокебаев Ержан Сейтказиевич та шараға белсенді түрде қатысып, келушілерге жүйке жүйесіне қатысты кеңестер беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Дәрігер Ержан Сейтказиевичтің кәсіби біліктілігі мен жылы қарым-қатынасы тұрғындардың үлкен алғысына ие болды. Шара барысында көптеген азамат өз денсаулығына қатысты нақты ақпарат алып, профилактикалық шаралардың маңыздылығын түсінді.